ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
2026 жылғы 2 қарашада Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс бастамасын іске асыру тұрғысынан сарапшылық талқылаудан өтті.
Жолдауда инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту, өнеркәсіптік әлеуетті нығайту және елдің экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер жасау қажеттігіне ерекше назар аударылды. 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсыныс құрылыс кешенін дамытуға, инвестициялар тартуға, отандық өндірісті кеңейтуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа бағдар береді.
Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс-2027: Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сарапшылық талқылау ұйымдастырды.
Іс-шара Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс бастамасын іске асырудың экономикалық, инвестициялық және салалық аспектілерін жан-жақты қарастыратын алаңға айналды. Талдау сараптамасын, тұрғын үйді қаржыландыру құралдарын және өнеркәсіптік даму мүмкіндіктерін біріктіре отырып, ҚСЗИ, ҚТК және QazIndustry «Қазақстандағы жалпыхалықтық ауқымды құрылыс: даму ауқымы мен көкжиектері» атты талдамалық баяндамада жаңа құрылыс кезеңінің перспективаларына қатысты ортақ көзқарасын ұсынды.
ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс бастамасы инвестициялар тартуға, кәсіпкерлікті дамытуға және отандық өнеркәсіпті жаңғыртуға бағытталған Жолдаудың кең ауқымды экономикалық күн тәртібінің бір бөлігі екенін атап өтті.
«Алдағы ауқымды құрылыс елдің қаржылық, инвестициялық, өндірістік және еңбек ресурстарын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік инвестициялар инфрақұрылым нысандарын қаржыландыру көзі ғана емес, сонымен қатар жеке капиталды тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті кеңейтуге және сабақтас салаларды дамытуға серпін беруі тиіс», – деді Жандос Шаймарданов.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және тұрғын үйді қаржыландыру тетіктерін дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жетілдірудің, азаматтардың баспана сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтудің және тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуін халықтың төлем қабілетті сұранысымен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Күздібаев тұрғын үй құрылысын дамыту перспективаларына, мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктеріне және жеке инвестицияларды тарту мәселелеріне тоқталды.
«Тұрғын үй құрылысы – соңғы жылдары тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі рекордтық көрсеткішке жеткен құрылыс саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Сонымен бірге құрылыс көлемін ұлғайту қалаларымыз бен ауылдық аумақтарымызда жайлы орта қалыптастыру үшін инженерлік желілерді, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кешенді көзқарасты талап етеді. Жобаларды жүйелі іске асыруға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді қаржыландырудың қолжетімділігі мен жеке инвестицияларды тарту тетіктері маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Алтай Күздібаев.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Эльдар Гумаров жаңа құрылыс кезеңінің отандық өнеркәсіп өндірісі мен экономиканың сабақтас салаларын дамытудағы елеулі әлеуетін атап өтті.
«Жалпыхалықтық құрылыс жылы – инфрақұрылым салу науқаны ғана емес, іс жүзіндегі қуатты өнеркәсіптік саясат», – деді Эльдар Гумаров. Ол ел ішінде қалыптасатын қосылған құн үлесін арттыру қажеттігін атап өтті.
«Қазақстанның үлкен халықтық құрылыс алаңы: ауқымы мен даму көкжиегі» атты бірлескен талдамалық баяндаманың таныстырылымы аясында ҚСЗИ-дың жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы Бибігүл Өмірбаева, ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Күздібаев және QazIndustry жеңіл, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясының басшысы Жанна Байтемірова Қазақстанның құрылыс нарығының жай-күйі мен даму серпініне, ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларына, сондай-ақ өңірлердегі құрылыс белсенділігінің ерекшеліктеріне талдау ұсынды.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға, оны қаржыландыру тетіктеріне және құрылыс материалдары мен жабдықтарға өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етудегі отандық өнеркәсіптің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ауқымды құрылыстың ықтимал экономикалық әсерлері, оның ішінде инвестициялар тарту, сабақтас салаларды дамыту, өндірістік кооперацияны нығайту және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын кеңейту мәселелері қаралды.
Сарапшылық пікірталас барысында қатысушылар құрылыс кешенін дамыту перспективаларын, инфрақұрылымға салынған инвестициялардың экономикалық қайтарымын арттыру тетіктерін, отандық өндірісті кеңейту және шағын және орта бизнесті ауқымды жобаларды іске асыруға тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Сарапшылық талқылау Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында сарапшылар қауымдастығы, даму институттары және бизнес өкілдері арасындағы одан арғы өзара әрекеттестік бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Жазылымды растау үшін кіріс жәшігін немесе спамды тексеріңіз.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4
E-mail: office@kisi.kz
Телефон +7 (7172) 57-21-06
Куәліктің нөмірі мен берілген күні: №16521-СИ 12.05.2017 ж.
Куәлікті берген органның атауы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі
Neve | Powered by WordPress
© 2023 Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты. Барлық құқықтар қорғалған.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4
E-mail: office@kisi.kz
Телефон +7 (7172) 57-21-06
Куәліктің нөмірі мен берілген күні: №16521-СИ 12.05.2017 ж.
Куәлікті берген органның атауы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі
Neve | Powered by WordPress
© 2023 Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты. Барлық құқықтар қорғалған.
Білімі:
Жоғары білім:
Аспирантура (11.1998 — 11.2001):
Тарих ғылымдарының кандидаты (17.09.2002):
Еңбек жолы:
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институті (Алматы):
— 09.2005–11.2007 – сыртқы саясатты зертеу бөлімінің меңгерушісі
— 09.2011–06.2012 – ғылыми хатшы
— 03.2022-08.2023 – директордың кеңесшісі
09.2018 – 08.2020 – Алматы менеджмент университетінің Саясат және құқық мектебінің деканы (AlmaU)
ҚР Тұңғыш Президенті қорының Әлемдік экономика және саясат институты:
— 12.2007–03.2009 – Халықаралық зерттеу орталығының басшысы
Мемлекеттік қызмет:
— 11.2009–04.2010 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Секретариаты/Аналитикалық бөлімінің консультанты
— 04.2009–11.2009 – Сыртқы саясатты талдау және болжау комитетінің ел және аймақтану басқармасының басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігі
Университет оқытушысы:
— 12.2001–08.2005 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы:
— 09.2018–12.2018 – Алматы менеджмент университетінің Саясат және құқық мектебінің деканы (AlmaU)
«Путиндік Ресей: геосаяси реванш әлде агрессивті қорғаныс?» (2018) монографиясының, 50-ден астам ғылыми мақалардың және 7 жарияланған аналитикалық баяндамалардың авторы
Образование:
Аспирантура (11.1998 — 11.2001)
Стаж работы:
Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК:
— 09.2005–11.2007 – заведующий отделом внешнеполитических исследований
— 09.2011–06.2012 – ученый секретарь
— 03.2022–08.2023 – советник директора
09.2018 – 08.2020 – декан Школы государственной и
общественной политики и права Almaty Management University (AlmaU)
Институт мировой экономики и политики (ИМЭП) при Фонде Первого Президента РК – Елбасы (Алматы):
исследований
— 12.2007–03.2009 – руководитель Центра международных исследований
Государственная служба:
— 11.2009–04.2010 – консультант Секретариата/Аналитического отдела Совета Безопасности – Администрации Президента РК (г.Астана)
— 04.2009–11.2009 – начальник Управления страновых и региональных исследований Комитета внешнеполитического анализа и прогнозирования, Министерство иностранных дел РК (г.Астана)
Преподавание в университете:
12.2001–08.2005 – преподаватель Казахского национального университета им. аль-Фараби (г.Алматы)
09.2018–12.2018 – преподаватель Школы государственной и общественной политики и права Алматы Менеджмент университета (г.Алматы)
Автор монографии «Путинская Россия: геополитический реванш или агрессивная оборона?» (2018), более 50 научных статей и 7 публичных аналитических докладов
Education:
Higher education: from 1993 to 1998, in Al-Farabi Kazakh National University:
Ph.D. in History (Candidate’s degree in Historical sciences)
Employment History:
Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan (Astana, Kazakhstan):
Since 09/2018 to 08/2020 – Dean, School of Public Policy and Law, Almaty Management University (AlmaU)(Almaty, Kazakhstan)
Institute of World Economy and Politics at the First President Foundation of the Republic of Kazakhstan (Almaty, Kazakhstan):
State Service:
Since 11/2009–04/2010 – Consultant of the Secretariat, Security Council of the Republic of Kazakhstan (Astana, Kazakhstan)
Since 04/2009 to 11/2009 – Head of the Division, Committee of Foreign Policy Analysis and Forecasts, Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan (Astana, Kazakhstan)
Lecturer in University:
Author of the monograph «Putin’s Russia: Geopolitical Revenge or Aggressive Defense?» (2018), more than 50 scholarly articles and 7 public analytical reports
Born on July 2, 1973.
Graduated from the Institute of International Relations, Warsaw University (Poland, 1997), Candidate of Political Sciences. Master of Public Administration of Harvard University Kennedy School of Government (USA, 2016). Speaks Kazakh, Russian, English and Polish.
Since January 2022, Director of the Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan.
2019 – Minister-Counselor of the Embassy of Kazakhstan in Russia.
2018 – Consul General of the Republic of Kazakhstan in Kazan.
2010-2018 – Head of the Analytical Department of the Security Council of the Republic of Kazakhstan
2008 – Deputy Director of the Central Asia Department of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.
2007 – Head of the sector of strategic analysis of the Information and Analytical Center, head of the sector of the Center for Strategic Development and Analysis of the Administration of the President of the RK.
2005-2007 – Central Asian Fund for the Development of Democracy.
2000-2005 – Head of the Foreign Policy Research Department of KazISS under the President of the RK.
1997-2000 – Senior Research Fellow of KazISS under the President of the RK.
Extraordinary and Plenipotentiary Envoy of II class of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan
Since June 2022 – a representative of Harvard University in Kazakhstan.
Родился 2 июля 1973 года.
Окончил Институт международных отношений Варшавского университета, Польша (1997); кандидат политических наук. Магистр государственного управления Школы госуправления им. Джона Ф. Кеннеди Гарвардского университета, США (2016). Владеет казахским, русским, английским и польским языками.
В январе 2022 года возглавил Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан.
В 2019 г. – советник-посланник Посольства Казахстана в России.
В 2018 г. – генеральный консул РК в Казани.
В 2010–2018 гг. работал заведующим Аналитическим отделом Совета безопасности Республики Казахстан.
В 2008 г. – заместитель директора Департамента Центральной Азии Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
В 2007 г. – заведующий сектором стратегического анализа Информационно-аналитического центра, заведующий сектором Центра стратегических разработок и анализа Администрации Президента РК.
2005–2007 гг. – Центральноазиатский фонд развития демократии.
В 2000–2005 гг. – заведующий Отделом внешнеполитических исследований КИСИ при Президенте РК.
В 1997–2000 гг. – старший научный сотрудник КИСИ при Президенте РК.
Чрезвычайный и Полномочный Посланник II класса Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
С июня 2022 года является представителем Гарвардского университета в Казахстане.
1973 жылғы 2 шілдеде туған.
Варшава университетінің Халықаралық қатынастар институтын бітірген (Польша, 1997); саяси ғылымдарының кандидаты. Гарвард университетінің Джон Ф. Кеннеди ат. Мемлекеттік басқару мектебінің (АҚШ, 2016) мемлекеттік басқару магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын және поляк тілдерін меңгерген.
2022 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
2019 ж. – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші уәкілі.
2018 ж. – Қазан қаласындағы ҚР Бас консулы.
2010–2018 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2008 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары.
2007 ж. – Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық даму және талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2005–2007 жж. – Орталық Азиялық демократияны дамыту қоры.
2000–2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі.
1997–2000 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың аға ғылыми қызметкері.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкілі.
2022 жылдың маусым айынан бастап Гарвард университетінің Қазақстандағы өкілі.