The race to save jobs: European governments step in to pay wages
Italy records 683 coronavirus deaths in a day
China To End Lockdown Of Most Of Coronavirus-Hit Hubei Province
Trapped at home: Domestic violence victims at high risk in coronavirus confinement
Top French hospital executive says coronavirus toll higher than official tally
Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді
Атырауда көп қабатты үйде лифт төмен құлап кетті
Мұрат Ергешбаев теміржол қызмет көрсету пункттерінің құрылысымен танысты
Медициналық қабылдау өткізген дәрігерлердi қабылдады
Қызылорда облысында пара алған аудандық сот төрағасы сотталды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи нысанның жалпы аумағы – 26 мың шаршы метр, бас мердігері – «Aspan Holding» ЖШС.
Тоғыз блоктан тұратын кешенде 50 метрлік жүзу бассейні, халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, жаттығу залдары, сондай-ақ форумдар мен түрлі жиындарға арналған 150 орындық конференц-зал қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 93 пайызы аяқталған.
Бұдан кейін облыс әкімі жаңадан салынып жатқан медициналық нысандардағы жұмыс қарқынын тексерді. Сол жағалаудағы 500 орындық көпсалалы медициналық мекеме іске қосылған соң амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызметтер ұсынады.
Құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен акушерлік-гинекологиялық қызмет, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері болады. Сонымен қатар 50 төсектік күндізгі стационар, дәріхана, орталық стерилизация бөлімі, медициналық қалдықтарды сақтау аймағы, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория және 200 орындық конференц-зал қарастырылған.
Қалада бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысы да жүргізілуде. Жалпы аумағы 57 мың шаршы метр нысанды «Мелиоратор» серіктестігі салып жатыр.
Заманауи талаптарға сай жобаланған аурухана диагностикалау мен емдеудің озық технологияларымен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетеді. Кешен құрамына емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, сондай-ақ операциялық бөлімдер кіреді. Тағы бір медициналық нысан — Президент саябағы аумағындағы 200 орындық жаңа перинаталдық орталық. Мұнда ана мен балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдау, стационарлық, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдермен қатар, зертханасы болады.
Сондай-ақ Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 келушіні қабылдап, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсететін мекемеге айналады.
Келесі түсініктемеге келесі браузерде менің атымды, электрондық поштамды және веб-сайтты сақтаңыз.
Δ
© 2026 ж. Сайт материалдарын кез-келген жағдайға пайдалануда ақпарат көзіне гиперсілтеме жасалуы міндетті.
© 2025 жыл. Барлық құқықтар қорғалған.